Қызылордада 77 жастағы шал ВИЧ жұқтырды

95

0

Қызылордада 77 жастағы шал ВИЧ жұқтырдыҚызылордада 77 жастағы шал азматтық некедегі әйелінен ВИЧ жұқтырды, деп хабарлайды Bnews.kz.
Қызылорда тұрғынының мазасы қашып, дәрігерлердің көмегіне жүгінуіне тура келген. Мамандар науқасты тексере келе, ВИЧ дертін жұқтырғанын анықтаған. Жергілікті СПИД орталықтың эпидемиялық бөлімінің басшысы Дина Қарымсақованың айтуынша, бұған бола елді дүрліктірудің қажеті жоқ. Себебі, бұл ауру тек нашақор, гомосексуалистердің немесе жезөкшелердің басында ғана болатын жағдай емес. Бұл дерт кез келген адамға күтінбеген жағдайда жұғуы мүмкін.
«Кімнің басына келіп-кетпейтін жағдай дейсің. Құдай басқа салмасын. Тәубе дейік, қазір науқастың жағдайы жақсы, біртіндеп тәуірлеп келеді, өлетіндей халде емес. Жалпы, біздің орталыққа бүгінге дейін бар-жоғы 6 адам ғана осындай аурумен түскен», – дейді Д.Қарымсақова.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз