Қызылордада алаяқтық дерегі бойынша 41 жастағы азаматшаның үстінен қылмыстық іс қозғалды

44

0

Қызылордада қала орталығындағы «сауда үйлердің бірінен орын алып беремін» деген желеумен 4 қала тұрғынының сеніміне кіріп, жалпы сомасы 1 миллион 520 мың теңгені құрайтын ақшаларын алаяқтық жолмен иемденген 41 жастағы әйел ұсталды.
Төрт жәбірленуші де ішкі істер органдарына 2017 жылдың 05 шілдесінде шағымданған. Алаяқтық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тергеу жұмыстары барысында күдікті 2014 жылы аталған азаматшалардың сеніміне ие болып, бірінің 500 мың, енді бірінің 460 мың, тағы екеуінің 200 мың және 360 мың теңге ақшаларын алғандығы анықталды. Алайда берген уәдесін орындамай, ақшаларын да қайтармаған.
Қазіргі таңда күдікті Қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдіктінің іс-әрекетінен зардап шеккен өзге тұрғындарды анықтау бағытында жұмыстар жасалуда.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз