Қызылордада Алмас Алматовтың «Шыңғыснама» дастанының тұсаукесірі өтті

95

0

Қызылордада Алмас Алматовтың «Шыңғыснама» дастанының тұсаукесірі өтті«Ұлы дала әуендері» фестивалі аясында өткен «Өнер–түркі халықтары
бірлігінің негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференциясында
жырау, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматовтың
«Шыңғыснама» тарихи дастаны мен «Шыңғыснама» музыкалық эпосының, «Жыр
керуені» кітаптарының тұсауы кесілді.
    «Шыңғыснама» дастаны 4 томнан тұрады. Оның бір томын музыкалық
дастан күйінде өзінің шәкірттерімен ыр бойының мақам саз әуенімен  күй
табаққа түсіріп  ұсынып отыр.
    Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жырауды тарихи туындысының тұсау кесерімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
    – Моңғол елінің азаматтары Шыңғыс ханның кіндікқаны тамған жерге
оған арнап тастан теңдесі жоқ ескерткіш орнатқан болса, қазақ жырауы
Алмас Алматов, міне, сол тас мүсіннен де құдіретті, ұрпақ жанына жырмен
нұр құятын, күнде оқып, күнде сырласып отыруға мүмкіндік беретін рухани
құнды алып ескерткіш жасады, – деді облыс әкімі.
    «Ғасырдан ғасырға өтіп, ұрпақтан ұрпаққа рухани нәр беретін осындай
төрт томдық эпопеяны өмірге әкелген қазақ жырауын ХХІ ғасырдың Гомеріне
теңесек, ол артық айтылған сөз болмаса керек», – деп академик Қойшығара
Салғараұлы зор баға беріп отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз