Қызылордада «Алтын белбеу» сайысы өтеді

44

0

Қызылордада «Алтын белбеу» сайысы өтеді30 сәуір күні «Еуразия» спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздігінің 25
жылдығына арналған қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» ақтық сайысы
басталады. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 команда қатысады.
Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз
қызметі хабарлады.

Қазақ күресінен «Түйе палуан» атанған спортшы «Сыр Барысы» атағын иеленіп, оған «Алтын белбеу» тағылады.

Бұл сыннан іріктеліп шыққан спортшылар 3 шілдеде
Астана қаласында өтетін «Қазақстан барысы» турнирінде ҚР Президенті
жүлдесін сарапқа салады.

Жарыс соңында жанкүйерлерге арналған бағалы жүлделерімен ұтыс ойындары ойнатылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз