Қызылордада аралас жекпе-жектен турнир өтеді

52

0

Қызылордада аралас жекпе-жектен турнир өтедіҮстіміздегі жылдың  15 тамыз күні Қызылорда қаласында ҚР спорт күніне
орай  аралас жекпе-жектен кәсіпқойлар арасында халықаралық турнирі
өтеді. Биылғы жылы екінші мәрте ұйымдастырылатын турнирге  «Alash Pride
KZ»  (Қазақстан)  құрама командасының спортшыларымен қатар, Ресей,
Өзбекстан, Тәжікстаннан жекпе-жек өнерінің шеберлері бақ сынасады.
    Аталмыш турнирде Қазақстанның намысын жекпе-жектен Азия чемпионы,
Қызылорда облысының тумасы Азамат Бахытов, қоян-қолтық ұрыстан Әлем
чемпионы, әскери самбодан екі дүркін Әлем чемпионатының жүлдегері
Шахмарал Жетпісов, К-1 тұжырымы бойынша белбеу иегері Нариман Мұсаев,
кикбоксингтен Әлем кубогының иегері, жекпе-жектен Азия чемпионы Арман
Ашимовтер қорғайды.  
    Сондай-ақ, кәсіпқойлар арасында унифайттан Азия чемпионы Александр
Столяров, унифайттан Әлем чемпионы Сухроб Буриев кикбоксингтен және
унифайттан Азия чемпионы Нуридин Бахридинов (үшеуі де Өзбекстан), 
панкратионнан Ресей чемпионы Руслан Кабдуллин, тәжікстандық, әскери
самбодан комбат версиясы бойынша Әлем жүлдегері Собирджун Сафаровтар
өнер көрсетеді.
    Салмақ өлшеу 14 тамыз күні орталық алаңда сағат 20.00-де, басталуы
15 тамыз сағат 20.00-де «Евразия» спорт кешенінде. Турнирдің жүргізушісі
Сергей Мазур.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз