Қызылордада Аралды дамытуға арналған халықаралық форум өтеді

104

0

Қызылордада Аралды дамытуға арналған халықаралық форум өтеді30-31 мамыр аралығында Аралды тұрақты дамытуға арналған халықаралық форум өтеді. Бұл шараға Орталық Азия, БҰҰ, ЕҚЫҰ, Бүкілдүниежүзілік банк өкілдері қатысады, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Аралды құтқару жөніндегі қорға жетекшілік ету тізгіні Өзбекстаннан Түркіменстанға өтті. Ресми Ашхабад қорға енді үш жыл бойында басшылық етеді. Өткен жылға дейін қорды Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов басқарып келген.
Орталық Азияның мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясының басшысы Нариман Қыпшақбаев соңғы жылдары Аралға қатысты жұмыстар тоқтап қалды дейді. Оның сөздерінше, үш жыл бұрын тізгінді Өзбекстан алғаннан кейін жобалар жүзеге асырылмай қалған.
Түркіменстан Әмудария арнасы жағында орналасқан, бұл ел Сырдария суын пайдаланбайды.
«Осы тұрғыдан Түркіменстан Сырдария суын пайдаланатын Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанға салмақты сөзін айта алады. Әдетте әр жылдары суды пайдалануға байланысты аталған елдер арасында әртүрлі проблемалар шығып тұрады», – деді ол.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз