Қызылордада ардагер спортшылар спартакиадасы өтеді

38

0

Қызылордада ардагер спортшылар спартакиадасы өтедіОблыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 17-19
маусым аралығында Қызылордада спорт ардагерлері арасында IV облыстық
спартакиада өтеді.
    Оған Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудандардан 9 команда, 1000-нан аса ардагерлер қатысады.
    Төрт жылда бір мәрте жалауы желбірейтін дода алғашқы рет 2004 жылы
бастау алса, 2008 жылы Байқоңыр, 2012 жылы Қызылорда қалаларында
өткізілді.
    Дәстүрлі спартакиада спорттың 13 түрінен: стритбол, волейбол,
шағын-футбол, қазақ күресі, дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат, гір спорты, қол
күресі, үстел теннисі, жазғы Президенттік көпсайыс, жүзу, жеңіл
атлетика сынды спорт түрлерінен ұйымдастырылады.
    Мақсаты – дене шынықтыру және спорт арқылы саламатты өмір салтын
қалыптастыру, спорт ардагерлер арасында бұқаралық спортты насихаттау,
үстіміздегі жылдың 20-23 шілде аралығында Өскемен қаласында өтетін спорт
ардагерлер спартакиадасына спортшыларды іріктеу.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз