Қызылордада Астана күніне жас суретшілер байқауы өтті

149

0

Қызылордада Астана күніне жас суретшілер байқауы өтті Қызылордада облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Жұлдызды қала – Астана» атты шара өтті.
Шара аясында асфальтқа сурет салу байқауы, «Астана – арман қала»
тақырыбында фотокөрме болды. Сондай-ақ жасөнерпаздардың концерті
жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік бағдарлама қызықты әрі мазмұнды өтті. Балалық қиялдан туған
әрбір суретте өнерлі өрендер шабытына аялы атамекені, кеңбайтақ туған
өлкесі, сұлулығына сөз жетпес айшықты қала Астана арқау болған.
– Астананы туған күнімен құттықтаймын. Мен бүгін Бәйтеректі салдым.
Бәйтерек маған ұнайды, — дейді қаланың кішкентай тұрғыны Сымбат Албатыр.
Еліміздің жүрегі – Астананы барлық ынта-жігерімен, өз деңгейінде
бейнелеген жас суретшілер марапатқа ие болды. Онан әрі қысқа мерзімде
Елорданың жеткен жетістігін көрсету мақсатында музейдің көшпелі залын
аралап, көптеген мағлұматқа қанықты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз