Қызылордада «Қасым хан салған қасқа жол» атты республикалық конференция өтеді

60

0

Қызылордада «Қасым хан салған қасқа жол» атты республикалық конференция өтедіҚазақ хандығының 550 жылдығына орай, Қызылорда облыстық сотының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 15 мамырда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Қасым хан салған қасқа жол» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Конференция жұмысына облыс әкімі, облыстық соттың, жергілікті органдардың басшылары, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстық соттарының төрағалары, сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы ҚМУ профессоры, заң ғылымдарының докторы А.Ағыбаев, Әл-Фараби атындағы ҚМУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Б.Кәрібаев, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Х.Әбжанов сынды республикаға белгілі қайраткерлер қатысады деп күтілуде.

Ғылыми конференция жұмысын нақтылау мақсатында арнайы бағдарлама бекітіліп, ол бойынша қатысушылар алдымен ғылыми-техникалық кітапхананың тақырыптық көрмесін тамашалайды. Бағдарламаға сәйкес өтетін пленарлық мәжілісте секцияға бөлініп, түрлі ғылыми тақырыптарда «Қазақ билері жүргізген әділ сот тәжірибесіне сүйене отырып, қазіргі сот жүйесін жетілдірудің өзекті проблемалары», «Сот билігі – әділеттің қайнар көзі» атты т.б. тақырыптарда баяндамалар тыңдалатын болады.

Қасым ханның қасқа жолын қазіргі сот жүйесінде де пайдаланып, әділ шешім шығаруға болады. Конференцияның мақсаты да осында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз