Қызылордада аутизммен ауыратын балаларды оңалту орталығы ашылады

48

0

Қызылордада аутизммен ауыратын балаларды оңалту орталығы ашыладыБүкіләлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай алғаш рет биыл Қызылордада марафон өтті.

Игі
бастаманы ұйымдастырушылар – «Форте» банктің Қызылордадағы филиалы мен
«Асыл мирас» жеке қайырымдылық қорының облыстағы өкілдігі. 

Шараға аутизммен ауыратын балалар мен олардың ата-аналары, дәрігерлер, белсенді жастар, банк қызметкерлері қатысты.
Акция барысында дерт жайлы жан-жақты ақпарат, науқастарды қоғамға бейімдеу жолдары айтылды.

Ресми дерек бойынша біздің өңірде 23 бала аутизмге шалдыққан. Маусым
айында облыс орталығында осындай балаларды оңалтуға арналған орталық
ашылмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз