
Бұл мақсатқа арнайы қалалық жұмысшы тобы құрылып, қала бойынша бағаға бақылау жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындардың басым бөлігі тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында бүгіннен бастап қаладағы кәсіпкерлермен, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе отырып сенбі, жексенбі күндері жәрмеңкелер өткізілетін болады.
Өткен сенбіде Ескі базар аумағында өткізілген жәрмеңкеде 20-дан астам көлікпен 100 тоннадан астам өнім сатылды. Бағасы базар бағасынан 20-30 пайызға дейін төмен. Мұнан өзге қаланың 12 жерінен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен арзан азық-түлік өнімдерін сататын әлеуметтік дүкендер ашылып, жұмыс жасауда. Егер қала тұрғындарымен жәрмеңкеге, азық-түлік өнімдеріне сұраныс артатын болса, онда мұндай жәрмеңкелерді қаланың бірнеше жерінде тұрақты түрде өткізу мүмкіндіктерін де қарастырылатын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!