Қызылордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

60

0

Қызылордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өттіҚызылордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Жеті аудан облыс орталығына ікелген әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 53 түрі нарықтағы бағадан 15-20 пайыз арзанға сатылуда.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев барлық ауданның ұйымдастырған жәрмеңкесінде болып, сатушылар және тұтынушылармен жүздесті.Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сыр диқандарының ала жаздай еңбегі ақталып, күріштің әр гектарынан 51 центнерден өнім алынды. Қамбаға 395 мың тоннадан астам Сыр маржаны құйылды. Бұл еліміз егемендік алған жылдардың ішіндегі ең жоғары рекордтық көрсеткіш.

Жәрмеңкеге 926 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінді. Басты брендіміз күріштен бастап, көкөніс, бақша дақылдары, ет, мал азығы қала тұрғындарының қалтасына қонымды бағамен сатылды.

Қызылорда қаласы облыс орталығы болғанымен іргедегі ауылдар ауыл шаруашылыгы саласымен айналысады. Мерекеде қаланың шаруашылықтары Әйтеке би көшесінің бойында жәрмеңке ұйымдастырды. Қаланың батыс бөлігіне қармақшылықтар арзан бағада өнім сатса, Титов қыстағында Жалағаш ауданының жәрмеңкесі өтті.

Күріштен рекордтық көрсеткіште өнім алуға қармақшылық «Жаңа жол» және сырдариялық «Мағжан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері елеулі үлес қосты. Екі шаруашылықта Сыр салысының әр гектарынан 70 центнерден астам өнім жинады. Күріш алушылардың қарасы осы екі ауданның жәрмеңкесінде көп болды.

Ал балықты саудалаушылар Арал мен Қазалы ауданының жәрмеңкесіне барды. Мұнда балықтың өңделген түрлеріне дейін сатылды.

Мерекелік шара «Сыр Ана» монументінде жалғасты. Мұнда «Қызылорда – алтын қазақ ән орда!» атты этноауыл қойылымы болды. Бір сөзбен айтқанда, киіз үйлер тігіліп, салт-дәстүрлер жаңғыртылды. Тоқшылық тойында тұсаукесер рәсімі жасалып, жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашты.

Осы күні қаланың барлық шағынаудандарында мереке жоғары деңгейде аталып өтілді. Спорттық сайыстарда ұйымдастырылып, қол күрес, қазақ күрес, арқан тартудан мықтылар анықталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз