Қызылордада қауын шыбыны зиянкесі байқалады

66

0

Қызылордада қауын шыбыны зиянкесі байқаладыҚызылорда қаласы тұрғындарының кейбірінің аулаларындағы қауынның ішінен бүлініп қалғаны байқалды. Оны бұрыннан бақша дақылдарын өсіріумен айналысатын бағбандар қауын шыбыны зиянкесі деп отыр. 
Қауын шыбыны зиянкесі біздің облыс аумағында 2005 жылдан бері көрініс беруде. Оның өзіне тән ерекшелегі – ол қауынға оның  белгілі өсу кезеңдерінде ғана зақым жасайды.  Негізінен бұл зяинкестер қауынның тек түйнектерін ғана зақымдайды. Басқа бөліктеріне тиіспейді. Зиянкес қауынға үлкен зиян келтіреді. Зақымдалған қауындар шіріп кетеді. Осының салдарынан ол пайдалануға жарамайды. 
Дүние жүзінде өсімдіктердің жемістеріне зиян келтіретін шыбындардың 5 мыңнан астам түрі бар. Олардың ішінде бақша дақылдарының жемістеріне зиянын тигізетін 2 түрі бар. Алғашқысы – жерортатеңіздік қауын шыбыны. Бұл зяинкестер Австралия, Үндістан, Жапония, Малайзия, Гавай аралдарында кеңінен тараған. Екіншісі – Орта Азия қауын шыбыны. Аталмыш зиянкестер көптеген жылдар бойы Израиль, Ауғанстан, Түркия, Әзірбайжан, Иран, Ирак жерлерінде көрініс берген. Соңғы жылдары Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан аумақтарында байқалып отыр. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз