Қызылордада ауыр атлетикадан ҚР Кубогы басталды

47

0

Қызылордада ауыр атлетикадан ҚР Кубогы басталдыБүгін Қызылордада ҚРТұңғыш Президенті күніне арналған ауыр алетикадан
ерлер мен әйелдер арасында ҚР кубогы басталды, деп хабарлады облыстық
дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. 

Оған
Алматы қаласы мен облыс орталықтарынан 13 команда, 162 спортшы 15 салмақ
дәрежесінде жүлделерді сарапқа салуда. Шараның салтанатты ашылуында сөз
алған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық
Мұстафаев қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан кейін ауыр атлетикадан ҚР
мемлекеттік жаттықтырушысы Меңдіхан Тәпсірұлы, облыстық ауыр атлетика
федерациясының президенті Темірхан Кенжебаев және Әлем чемпионатының
күміс жүлдегері Алмас Өтешовтер спортшыларға жеңіс тілеп, жылы
лебіздерін білдірді. 

Айта кетейік, 105 келі салмақта жеңімпаз спортшыға Илья Ильиннің кубогы мен сертификаты беріледі. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері 8 желтоқсан күні белгілі болады. 

Бүгінгі өткен жарыстың қорытындысы: 

48 келі әйелдер:  
I орын Диана Серебрякова (Ақмола обл.) – 142 (60+82)
II орын Юлия Потасова (Алматы обл.) – 133 (57+76)
III орын Елизавета Белоусова (ШҚО) – 112 (47+65)

53 келі әйелдер:  
I орын Әсем Амангелді (Алматы қ.) – 160 (70+90)
II орын Махаббат Серікболқызы (Алматы обл.) – 155 (70+85)
III орын Айсамал Сансызбаева (Қызылорда обл.) – 141(66+75)

56 келі ерлер:  
I орын Тимур Хасаров (Алматы обл.) – 225 (105+120)
II орын Ерасыл Ергенбай (Қызылорда обл.) – 205 (92+113)
III орын Рахымжан Жұбатқанов (Қызылорда обл.) – 203 (90+113)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз