Қызылордада автошеру делегациясы болды

54

0

Қызылордада автошеру делегациясы болдыҚызылорда қаласында «Ресей – Корея 2014» автошеруінің делегациясы қонақта болды. 
Аталмыш шара кәріс ұлтының бұрынғы Кеңес Одағы аумағына көшіп келгенінің 150 жылдығын атап өтуге бағытталған. «Ресей-Корея 2014» автошеруінің бағыты кәрістер көп шоғырланған, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аумағын қамтуды көздеуде. Делегация мүшелері Қазақстан аумағындағы шеруді 8-18 шілде аралығында автокөлікпен Ресейден Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары арқылы жүріп өтіп, Өзбекстанға жол жүреді. Қайтар жолда Қырғызстаннан Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары арқылы Ресей аумағына қайтуды жоспарлауда.
Қызылордаға келген делегация мүшелері қала көшелерімен автошеру ұйымдастырып, БАҚ өкілдерімен кездесті, сондай-ақ қонақтарға қаланың көрнекті орындары көрсетіліп, таныстырылды. Өз кезегінде халықаралық делегация мүшелері ыстық ықыласпен қарсы алған қызылордалықтарға алғыстарын жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз