Қызылордада Қазақстан-Ресей-Белорус эксперттік форумы өтті

53

0

Қызылордада Қазақстан-Ресей-Белорус эксперттік форумы өттіБүгін, 16 маусымда Қызылордада «Еруазиялық ықпалдастық: болашаққа беталыс» тақырыбында Қазақстан-Ресей-Белорус эксперттік форумы өтті.
«Келесі жылдың 1 қаңтарынан жұмысын бастайтын экономикалық одақ ХХІ ғасырда жүзеге асқан алғашқы ауқымды бастама», – деді аймақ басшысы. «Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған 20 жыл ішіндегі жетістіктерін саралап көрсек, біз ашық саясат арқасында жоғары нәтижелерге қол жеткіздік», – деді облыс әкімі. Еуразиялық экономикалық одақ құрылуына байланысты әр мемлекет және оның жеке аймақтары бәсекеге қабілетті болуы үшін өнеркәсіп және саудасын дамытуы тиіс. 
«Облыс өнеркәсібінің 93,4 пайызын мұнай-газ және уранды өндіруге тиесілі. Бізді мұндай экономикалық құрылым мүлдем қанағаттандырмайды. Өңір экономикасы белсенді әртараптандыруды қажет етеді. Сондықтан аймақта мұнай өндірумен қатар металлургиялық кластерді қалыптастырамыз. Үкімет металлургиялық кластерді аймағымыздың полиметалдық рудалардың бай қорлары негізінде дамуы бойынша «Жол картасын» мақұлдады. 2010 жылы пайдаланылуға берілген ірі күкірт қышқыл зауытының қуаттылығын екі есе ұлғайту және оның негізінде басқа да химиялық өндірістерді ашу мәселесі қаралуда», – деп атап өтті облыс әкімі.
Аймақта жақын арада шыны зауыты, құбырлар және цемент шығару өндірістерін салу жүзеге асырылады. Келешекте көлік құрылыс зауыты да салынады.  Сондай-ақ, металлургия саласын дамыту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асады. Яғни, Қызылорда болашақта өнідірістік аймаққа айналмақ. Ал білікті мамандарды дайындау жұмысы да ұмыт қалған жоқ.  «ЕЭО құру жөнінде құжатқа қол қою арқасында жастардың академиялық мобилдігі шынайы мүмкіндікке айналады. Енді жастар одақ мүшелерінің жоғары оқу орындарында кедергісіз оқи алады. ЕЭО сапалы білім және кәсіби дағдыларға қол жеткізу және жұмысқа орналасу сияқты артықшылық береді», – деді аймақ басшысы.
Елдердің бірлескен ғылым және білім саласындағы жобалар жаңа деңгейге шықты. Облыс әкімі бастамасымен 150-ден астам қызылордалық түлек жетекші ресейлік жоғары оқу орындарымен (Мәскеу болат және қорытпа институты, Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық өсімдік полимерлер университеті) грант иегерлері атанды. 
«Еуразиялық одақтың тарихи маңызы мен перспективалары» тақырыбында ЕЭО институтының директоры В.Лепехин баяндама жасады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың одақты құрудағы ролін атап өтті. «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры А.Чеботарев өзінің «Еруазиялық интеграция: Жаңа деңгейге шығу немесе шиыршық бойынша қозғалыс» тақырыбындағы баяндамасында ЕЭО дамуының потенциалды жолдарын және одақ мүшелерінің сыртқы экономикалық байланыстарын бекіту тәсілдерін қарастырды.
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Беларус стратегиялық және сыртқы саяси зерттеулер орталығының директоры А.Сивицкий ЕЭО даму мәселелері мен келешегін саралады. Оның пірікінше, Қазақстан-Ресей және Беларус өз мүдделерін бірлесе қорғап, әлемдік нарыққа шығу керек. Жалпы, үш елдің экономист-сарапшылары одақтың өзекті мәселелер талқылады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз