Қызылордада балабақша ашудың қыр-сыры тақырыбында семинар өтті

37

0

Қызылордада балабақша ашудың қыр-сыры тақырыбында семинар өттіЕлімізде соңғы жылдары балабақша ашу табысты
кәсіп түріне айналғаны белгілі. Осы салада Қызылорда қаласындағы
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында балабақша ашу ниеттегі бастаушы
кәсіпкерлерге аталған бизнес түрін меңгеру мен одан табыс табу жолдарын
үйретуге арналған семинар ұйымдастырылды. Семинарға арнайы шақыртылған
мамандар бала бақша ашу үшін жеңілдетілген неселерді алу, бала бақшаны
заңды тіркеу, бала бақша ғимаратына қойылатын талаптар мен әр балаға
берілетін субсидиялар жайында кеңес бөлісті.
    «2015 жылға дейін мектепке дейінгі жастағы балалардың 76%, 2020
жылға дейін 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың – 100% мектепке дейінгі
біліммен қамтамасыз етілсін»,- деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің
халыққа арнаған кезекті жолдауында сала басшыларына осындай тапсырма
бергенеді. Бұл бағытта бірнеше бағдарлама қолға алынған болатын.
Нәтижесінде еліміздің түкпір-түкпірінен жаңа балабақшалар ашылып жатыр.
    Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының заңгер кеңесшісі Бағдат
Жомартов бала-бақшаны заңды тіркеу жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ
аталған саланы қолға алған уақыттағы маңызды қадамның бірі оған
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен санитарлық ережелер
және нормалар жайында облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасынынң өкілі баяндап берді.
    Семинарға қатысушылар сонымен қатар шағын және орта бизнесті
қолдауға бағытталған «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен
қолдауға арналған бірегей бағдарламасы мен 2011-2020 жылға арналған
білім беруді дамыту бағдарламасы бойынша бала бақшадағы әр балаға
берілетін субсидия жайлы ақпарат алды.
    Семинардың соңында бала-бақша ашып, бүгінде қаладағы алдыңғы
қатарлы сапалы қызмет көрсететін орталықты басқарып отырған кәсіпкер
Мұханова Айкенженің жетістікке жету жолындағы өзіндік тарихымен танысты.
Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысушы жеке кәсіпкердің
сөзінше: «Алдыңа қойған мақсатқа жету үшін өзіңді қайрау керек.
Бала-бақша ашу үшін мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдаланған жөн.
Соның нәтижесінде тұрақты бизнесті құрып отырғанымды мысалға келтіруге
болады, алғашында күйеуіммен бірге Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы
кеңесшілерінен кеңес алып, банкке құжат тапсыруға кірістік және «Даму»
қоры тарапынан жобамызға кепілдендіру мен несие пайызын субсидиялауға
қолдау алдық. Осының нәтижесінде банктен алған несиеміздің ай сайынғы
төлемі айына 80000 теңгеге азайды. Қосымша «Балапан» бағдарламасы
аясында да әр балаға субсидия да бөлінді. Жүз орындық балабақшамызды 
тиісінше жабдықтаумен қатар, білікті қызметкерлерді жұмысқа тарттық.
Бәсекеге қабілетті болу үшін ата-атаналарға тиімді болатын акциялар мен
жеңілдіктерді үнемі қолданудың арқасында келушілердің жүз пайыздық
көрсеткішіне қол жеткіздік. Осы мақсатыма жету жолында отбасыммен
мемлекеттің қолдауын айрықша сезіндім. Маркетингтік қадамдарды жасауды
«Іскерлік байланыстар» жобасы аясында өткен бизнес-тренингтен және «Аға
сеньорлар» жобасы бойынша Канададан шақыртылған эксперт-маман мистер
Джеймстан үйрендім. Табысқа жету үшін әрбір бизнес бастаушы осындай
оқытулардан өту қажет деп есептеймін», – дейді Айкенже Мұханова.
    Семинарға қатысушы бастаушы кәсіпкерлер бизнесті бастауға серпіліс
алумен қатар оны заңды тұрғыда жүзеге асыруға қажетті ақпараттар үшін
сала мамандарына және іс-шара ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.
Алдағы уақытта өңірдің бүлдіршіндерін балабақшамен толық қамтитындай
кәсіп иелері арта түседі деген тілек білдіреміз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз