Қызылордада балалар ауруханасы салынып жатыр

36

0

Қызылордада балалар ауруханасы салынып жатырӨткен жылы іргетасы қаланған балалар ауруханасы 200 адамға арналған. 6,8
гектар жерді алып жатқан нысан заманауи үлгідегі 4 негізгі бөліктен
тұрмақ. Мамандар ғимараттың инфрақұрылымы жүйелі түрде жолға
қойылатындығын айтып отыр. Ауруханаға жеке подстанция орнатылып, табиғи
газбен жылытылады деп күтілуде. Қажет болса, сұйық отынға ауыстыруға да
мүмкіндік бар екен. Сондай-ақ, медициналық орталықтан шыққан қалдықтарды
залалсыздандыру мәселесі де назардан тыс қалмаған. Ол үшін арнайы
құрылғы қойылады. Онда қалдықтардың көзі жойылғанымен, ауаға зиянды
қалдықтар тарамайтын көрінеді. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін
жедел жәрдем мәселесі де шешілмек.
Аурухана базасында 10 көлікке арналған автотұрақ салынып, кем-кетіктерін
жөндейтін орын да жабдықталмақ. Бұл өз кезегінде «103» қызметін
жақсартып, жедел жәрдемнің науқастарға уақытылы жетуіне жол ашпақ.
Сонымен қатар, мамандар аурухана ішінде де аналар мен балаларға жайлы
жағдайды қалыптастыруға барын салуда. Ғимарат заманауи талаптарға жауап
беріп, ақ халаттылар сапалы, жүйелі қызмет көрсететін болады. 12
бөлімнен құрылатын медициналық нысанда жалпы хирургия бөлімінің,
аллерголог, уролог, тіпті күрделі жарақаттарды емдейтін нейротравматолог
мамандар жұмыс жасайды деп күтілуде. Жасалған жобаның бұдан өзге де
артықшылықтарыжетерлік. Онда әр бөлмеге суға түсетін орын да
қарастырылған. Ал балалардың көңілін аулап, қатарға тез қосу мақсатында
арнайы ойын бөлмесі қажетті жиһаздармен жабдықталатын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз