
Мұнай компаниясы 70 миллион теңге қаржыға демалыс орнын салды. Жалпы ауданы 3700 шаршы метр. Онда 11 колоннасы бар сквер, су бұрғақ, бассейн, 8 беседка, балаларға 6 ойын, үлкендерге 7 дене шынықтыру құрылғылары орнатылған. Сондай-ақ 50 көшет тал мен 132 шаршы метрге гүл отырғызылған. Бір сөзбен айтқанда балалардың демалуына бар жағдай жасалған. Аймақ басшысы бұлдіршіндердің қуанышымен ортақтасып, жылы лебізін білдірді. – Қала тұрғындарына қажетті аула, ойын алаңдары секілді нысандарды әлде де көбейтеміз. Тал егу, гүл отырғызу жұмыстары қатар жүргізіледі. Тек сіздерге айтарымыз жасалған іске жанашырлықпен қараңыздар, – деді аймақ басшысы.