Қызылордада балалар үйінің қоймасына ұрылар түскен

45

0

Қызылордада балалар үйінің қоймасына ұрылар түскенҚызылордада ұрылар жергілікті балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін сатып алынған азық-түліктерге қол салған. 
Қаскөйлер азық-түлік тұрған қоймаға терезе арқылы еніпті.
«Таңғы ас дайындау үшін таңертең ерте жұмысына келген аспазшы терезенің айқара ашық жатқанын және маңында жәшік-жәшік алма мен шырындар шашылып жатқанын көріп, дереу маған хабарласты, мен полиция шақырдым, – деп әңгімеледі №1 балалар үйінің директоры Лиза Сқақова. – Қазір полицейлер болған оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр. Азық-түлік блогі үшін бұл бұрын-соңды болмаған оқиға, соған қарамастан балаларымыз аш емес, оларды тамақтандыруға қажеттінің бәрі бар».
Полицейлер өздерімен бірге қызметтік иттерін алып келіп, қажетті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ішкі істер органдарының қызметкерлері жұмыстарын жедел жүргізіп, балалар үйіне ұрлыққа түскендер тиісті жазасын алады, деген сенімде мекеме қызметкерлері.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз