Қызылордада белбеу күресінен Қазақстан кубогы басталады

39

0

Қызылордада белбеу күресінен Қазақстан кубогы басталады11-12 қыркүйек күндері Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында белбеу
күресінен Қазақстан Республикасының кубогы өтеді.
12 салмақ дәрежесі
бойынша ұйымдастырылатын жарысқа  Астана қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау,
Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарынан
150-дей спортшы қатысады.
    Жарыс ерлер арасында 7 салмақта (62, 68, 75, 82, 90, 100, +100
келі), әйелдер арасында 5 салмақта ( 52, 58, 66, 76, +76 келі)
өткізіледі.
    Дүбірлі бәсекеде жеңімпаз спортшыларға ҚР спорт шебері атағы беріледі.  
    Бұл жарыс қараша айында Ресейде болатын Әлем кубогына спортшыларды іріктеу болып табылады.
    Ел кубогы 11 қыркүйек  күні сағат 10.00-де  басталады, салтанатты ашылуы сағат 11.00-де.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз