Қызылордада бокстан Конфедерация кубогының іріктеу кезеңі басталады

37

0

Қызылордада бокстан Конфедерация кубогының іріктеу кезеңі басталады9-11 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласында
бокстан Конфедерация кубогының іріктеу кезеңі өтеді. Оған Астана қаласы,
Қарағанды, Қостанай және Қызылорда облыстарының құрама командалары
қатысады.
    Жарыс 10 салмақта (49, 52, 56, 60, 64, 69, 75,
81, 91, +91 келі) өткізіледі. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және
спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
    Іріктеу кезеңінен өткен команда үстіміздегі жылғы 3 желтоқсанда Алматы қаласында өтетін жартылай финалға жолдама алады.
    Ақтық бәсеке 4 желтоқсан күні болады.  Финалда 1-орынды жеңіп алған команда Конфедерация кубогының иегері атанады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз