Қызылордада бокстан ҚР оңтүстік-батыс аймақтық чемпионаты өтеді

51

0

Қызылордада бокстан ҚР оңтүстік-батыс аймақтық чемпионаты өтеді14 желтоқсанда Қызылорда қаласында бокстан 2000-2001 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс аймақтық чемпионаты басталады.
Шаршы алаңда Алматы қаласы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 8 команда, 200-ге жуық былғары қолғап шеберлері сынға түседі.Қызылорда облысының намысын 27 спортшы қорғайды.
Жарысқа Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов құрметті қонақ ретінде қатысады. Бұл жарыстың мақсаты – келесі жылдың қаңтар айында Астана қаласында болатын ҚР чемпионатына спортшыларды іріктеу болып табылады.
Чемпионаттың басталуы 14 желтоқсан сағ.14.00-де (№2ОРМБЖМ), салтанатты ашылуы сағ.16.00-де. Жарыс 18 желтоқсан күні аяқталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз