Қызылордада бокстан республикалық турнир өтуде

44

0

Қызылордада бокстан республикалық турнир өтудеҚызылордада 2001-2002 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан Қызылорда қаласы әкімінің жүлдесі үшін республикалық турнир өтуде.

Жарысты Қызылорда қаласының әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық бокс федерациясы ұйымдастырып отыр.

Республикалық сайыстың ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев және өңіріміздегі бокс ардагерлері сөз сөйледі. Олар балаларға сәттілік тіледі.

Турнир 9 қарашаға дейін созылады. Онда Қазақстанның 11 облысынан барлығы 220 жас былғары қолғап шебері бақ сынайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз