Қызылордада бокстан республикалық турнир өтуде

39

0

Қызылордада бокстан республикалық турнир өтудеКеше Қызылордадағы «Еуразия» спорт кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған боксшылардың республикалық турнирі басталды. 

Турнирдің ұйымдастырушылары – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық бокс федерациясы, ал демеушісі – «Қор» ұлттық компаниясы.

Мұндай турнир елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Онда Астана, Алматы қалалары мен еліміздің барлық облыстарынан келген 1994-1996 жылғы 166 спортшы бақ сынайды. Сыр елінің намысын 12 спортшы қорғамақ.

Турнирдің салтанатты ашылуында Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев және республикалық бокс федерациясының үйлестірушісі, Пекинде өткен олимпиадалық ойындардың чемпионы Бақыт Сәрсекбаев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Айта кету керек, турнир 28 ақпанға дейін созылмақшы. Жеңімпаздар арнайы диплом және медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Бүгін, сондай-ақ, турнир ашылуында 2014 жылдың қорытындысы бойынша әлем, Азия чемпионаттарында жеңімпаз және жүлдегер атанған облыс спортшылары облыс әкімі тағайындаған арнайы сыйақылармен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз