Қызылордада цемент зауыты салынады

40

0

Қызылордада цемент зауыты салынадыҚытайлық инвесторлар Қызылорда облысы Шиелі ауданында цемент шығаратын
зауыт салмақшы. Бұл ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін бүгін облыс
әкімдігінде шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізілді, деп хабарлады
облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Қазақстандық «Корпорация Дан
Әке» ЖШС-нің президенті Дәулет Тұрлыханов пен қытайлық инвестор
бірлескен «Гежуба – Шиелі Цемент» мекемесін құру туралы меморандуға қол
қойды. Жобаға сәйкес өндіріс орны жылына 1 млн. тонна цемент шығармақ.
Құрылыс жұмыстарын 2016 жылдың ақпан айында бастау жоспарланып отыр.
Жоба жүзеге асқан кезде 400 тұрақты жұмыс орны ашылады. Ал қытайлықтар
өңірде инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалғанындықтан бірлескен жобаны
жүзеге асырып жатқандарын айтты.

«Гежуба Групп Цемент КО ЛТД» компаниясы Қытайда
ғана емес, бүкіл әлемде үздік цемент шығарушы компаниялардың тізіміне
енген. Өткен жылы 23 желтоқсанда жобаны Қызылорда облысында жүзеге асыру
туралы меморандумға қол қойылған болатын. Қытайлық әріптестерді біздің
өңірге алып келуге атсалысқан «Корпорация Дан Әке» ЖШС Президенті Дәулет
Тұрлыхановқа алғысымды айтамын. Сонымен қатар, зауытты салып, ортақ
жобаны жүзеге асыруға өз тарапымыздан барлық қолдау көрсетілетіндігін
мәлімдеймін», – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Осылайша өңірде тағы бір ауқымды жоба жүзеге аспақ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз