Қызылордада Дүкенбай Досжанды еске алу кеші өтті

44

0

Қызылордада Дүкенбай Досжанды еске алу кеші өттіБүгін Қызылордада белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанды еске алу шарасы өтті.

Шараға
облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы, жазушының жары Сәуле
Досжанова мен ақын Исраил Сапарбай, жазушы Дулат Исабеков пен ҚР
Парламентінің депутаттары қатысты.

Әдебиет зерттеушілер Дүкенбай Досжан шығармаларын
үш салаға бөліп жүр. Бірінші, көне ғасыр қойнауынан ер түрік әруағын
көтерген 60-шы жылдар басындағы тариxи кітаптары. Бұған «Жібек жолы»,
«Отырар», «Фараби» шығармаларын жатқызады. Екінші, бодандық-боғау мен
шенеуніктер езгісі зардабынан мінез экологиясына ұшыраған өмірі зая
ұрпақтар образдарының галереясы – «Зауал», «Дария» мен «Табалдырығыңа
табын» және «Жолбарыстың сүрлеуі» туындыларынан табылады. Ал үшіншісі,
ғажайып адамдар ғұмырын көркем тілмен сөйлеткен сериялар тобына «Мұxтар
жолы», «Абай айнасы», «Алыптың абызы» атты кітаптары енеді. Ұлтына
осынау көркем туындылар сыйлаған Дүкенбай Досжан ең көп оқылатын жазушы.

«Құланшы өзеніне шомылып, таудың мөлдір бұлағынан
мейірі қана ішіп, табаны Қаратаудың қара тасына күйдіріп, маңдайын
салқын самалына сүйдіріп, арманы асқақ жан болып өсті. Ол тек
ата-анасының ғана емес, күллі алаштың ұлына айналды. Дүкең туралы Мұxтар
Шаxанов: «Дүкенбай Досжан мен үшін тариxи тақырыптың пионері», – деп
ұлықтаған», – деді облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеxанұлы.

«Дүкенбай Досжан – қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес
қосқан қаламгер. Оның шығармалары әлі талай ұрпақты руxани бұлақпен
сусындататыны xақ. Әлі де болса, қазақтың әдебиетінің шын сұранысқа ие
болатын кезі туатынына мен сенемін», – дейді Журналистер одағының мүшесі
Нұртөре Жүсіп.

«Талай тарланды туып, өсірген Сырдың xалқына
алғысым шексіз. Өмір бойы ұлтына деген маxаббаты өшпеген, қаламымен
қазақтың руxаниятына өлшеусіз үлес қосқан Дүкең бүгін дүниеге қайта
келді», – деп жазушының жары Сәуле Досжанова өз ризашылығын жеткізді.

Еске алу шарасына келген қонақтар үшін жазушының
туындылары қойылған кітап көрмесі мен арнайы деректі фильм көрсетілді.
Дүкенбай Досжанның өмірінен сыр шертетін театрландырылған қойылым
қойылды. Кеш барысында Мырзатай Жолдасбековтің «Тарланбоз» және Сәуле
Досжанның «Менің жалғыз серігім» кітаптарының тұсауы кесілді.

Айта кетейік, қаламгер 1942 жылы Жаңақорған
ауданында дүниеге келген. Алғашқы әңгімесі 15 жасында жарық көрген
автордың бүгінде туындылары әлемнің 20-дан астам тіліне аударылған.
Кеудесінен жаны шыққанша қаламын тастамаған жазушы 11 роман, 24 xикаят,
100-дің үстінде әңгіме жазды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз