Қызылордада «Достық үйі» ашылды

50

0

Қызылордада «Достық үйі» ашылдыҚызылордада Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Достық үйі» ашылды.

Естеріңізге сала кетейік, нысан бұрынғы Ы.Алтынсарин атындағы кинотеатрдың ескі ғимаратында орналасты.

Татулықтың темірқазығына айналған, Елбасының бастамасымен құрылған
Ассамблеяға биыл 20 жыл. Айтулы дата аясында Сыр өңірінде 2500-ден астам
 шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі – осы «Достық үйінің» ашылуы.
Ғимаратта 230 орынға арналған концерт залы, мәжіліс залы, асханасы бар.
Сондай-ақ, өңірдегі 11 этно мәдени орталықтары және Ассамблеяның
ардагерлер мен аналар кеңесі осында қоныстанды. Бұл орталықтар өз
елдерінің мәдениеті мен дәстүрін жаңғыртып, елдің саяси өміріне де
белсенді араласатын болады.

– Ниет пен тілектің үндесуінің арқасында тәуелсіздігіміз тұғырлы.
Егемендік алғалы ешкімнен кем болған жоқпыз. Сыр елі сан ұлтқа сая болып
келеді. «Достық үйі» татулық пен бірліктің, достық пен жасампаздықтың
ордасына айналсын, – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Шараға арнайы келген қонақтар Қызылорданың көрікті қалаға айналғанын
айтып, халықтың жүзінен мейірімділік сезілетіндігін жеткізді.

– Әуежайдан түскеннен қазақтың біртуар азаматтары қарсы алып
жатқандай сезімде болдым. Өйткені әрбір билбордта қазақтың ұлыларының
суреттері ілініпті. Мені үлкен әсерге бөледі. Осы «Достық үйіне» кіріп
келе жатқанда да адамдардың жүзінен қуаныш пен мейірімділікті,
бір-біріне бауырмалдықты байқадым. Қуаныштарыңыз құтты болсын, – деді ҚР
Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының
орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов.

Салтанатты жиын барысында өңірдің дамуына өзіндік үлес қосып
жүргендер «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық» мерекелік
медалімен, облыс әкімінің «Алғыс хатымен», Қазақстан халқы
Ассамблеясының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз