Қызылордада дзюдодан халықаралық турнир өтеді

40

0

Қызылордада дзюдодан халықаралық турнир өтеді3-4 қазан күндері Қызылорда қаласында Қармақшы ауданының құрметті
азаматы Болатбек Сүлейменовті еске алуға арналған дзюдодан 1996-1997
жылдары туған жастар арасында халықаралық турнир өтеді. Бұл туралы
облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі
хабарлады.

Биыл 15-ші мәрте ұйымдастырылатын дүбірлі бәсекеге
еліміздің 13 облысынан және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 200-ге жуық
татами шеберлері 16 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.

Жарыс ұлдар арасында 8 салмақта (55, 60, 66, 73,
81, 90, 100, +100 келі), қыздар арасында 8 салмақта (44, 48, 52, 57,
63, 70, 78, +78 келі) өтеді.

3 қазан күні сағат 15.00-де «Евразия» спорт
кешенінде халықаралық турнирдің салтанатты ашылуы өтеді. Ал жарыс
10.00-де басталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз