Қызылордада ең үздік қазақ тілді мекеме марапатталды

53

0

Қызылордада ең үздік қазақ тілді мекеме марапатталдыТәуелсіздік мерекесіне орай Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік және тіл» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ө. Болатбеков, облыстық, аумақтық басқармалар, департаменттер мен инспекциялар басшылары, тілге жауапты мамандары, басқарма және Тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты,-деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Дөңгелек үстелдің күн тәртібіне сәйкес, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Елбасының 11 қарашада Қазақстан халқына арнаған Жолдауы және Мемлекет басшысының бұдан бұрынғы Жолдауларында нақтыланған тіл туралы басымдықтары жайында «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ө.Болатбеков, «Тәуелсіздік және тіл» тақырыбында облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Л. Есімова, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Ғ. Отарбаевтың қылмыстық атқару-жүйесі мекемесінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл саясатының жүзеге асуы бағытында атқарылған жұмыстар жөніндегі баяндамалары тыңдалды.

Шара соңында басқарма басшысы Ә. Жарылқағанов Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Ең үздік қазақ тілді мекеме» облыстық байқауының жеңімпаздарын жариялап, бірқатар мекемелердің тілге жауапты мамандарын марапаттады.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жеңіп алса, екінші орынға Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, үшінші орынға Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаменті ие болды.

Сонымен қатар, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ынталандыру сыйлықтарын иеленді. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Оған қоса, бірқатар азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен, «Нұр Отан» партиясы» облыстық филиалының Құттықтау хатымен және басқарманың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз