Қызылордада егін шаруашылығын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде

45

0

Қызылордада егін шаруашылығын әртараптандыру жұмыстары жүргізілудеБүгін облыс әкімдігінде көктемгі
дала және егін егу жұмыстарына
дайындық барысын талқылауға арналған жиын өтті.

 Облыстық
ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Өмірхан
Пашкеновтың хабарлауынша, биыл 164,1 мың гектар жерге ауыл шаруашылық
дақылдарын (күріш, жоңышқа, картоп, көкөніс, бақша дақылдары) егу жоспарлануда.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,9 мың гектарға артық. Ауыл шаруашылығы
министрлігі мен облыс әкімдігі арасындағы ауыл шаруашылығы дақылдары егісін
әртараптандыру туралы жасалған меморандумға сәйкес, күріш егісінің көлемі
азайтылып, керісінше майлы, дәнді, көкөніс, бақша  дақылдарының егіс көлемі ұлғайтылады.
Қазіргі таңда шаруашылықтарда
дайындалған тұқымдарды тазалап, себу дәрежесіне жеткізу  жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар,
егілетін егіс көлемін суармалы сумен қамтамасыз ету жөнінде «Қазсушар» РМК өңірлік филиалының директоры Болат
Арыстанбаев есеп берді. Оның айтуынша, шаруа қожалықтарының суға қарызы екі
есеге, яғни 120 миллионнан 60 миллионға қысқартылған. Қазіргі таңда су жолдары мен гидротехникалық бекеттерді жөндеу жұмыстары жүргізілуде, сәуір айына дейін тазарту жұмыстары толық аяқталады, ал
сәуірдің алғашқы он күнінде суару басталады.
Жиналыс
қорытындысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев суармалы су үшін қарыздарды өтеу
және егін шаруашылығын әртараптандыру бойынша әрі қарай шаралар қолдану, күріш
және бақша дақылдарын егу бойынша аудандарға бекітілген лимитті ұстану,
сондай-ақ ауа райының қолайсыз жағдайларына дайын болу сияқты бірқатар
тапсырмалар берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз