Экологиялық заңнаманы бұзған құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды

39

0

Экологиялық заңнаманы бұзған құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылдыАғымдағы жылдың 15-25 ақпан аралығында облыс көлемінде экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, ескерту және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған жедел-профилактикалық іс-шарасының бес күн қорытындысымен облыс көлемінде аң аулау ережелерін бұзудың 23 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабы бойынша әкімшілік шара көрілді.
Сонымен қатар, балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 7 құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы 158 мың 830 теңге көлемінде айыппұл салынып, өндірілді.
Іс-шара барысында 3 қылмыстық дерек тіркелді. Жалағаш, Қазалы аудандарында сексеуіл ағашын заңсыз кесу және заңсыз аң аулау деректері бойынша қылмыстық істер қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 20 ақпанында сағат 15.30 шамасында Қызылорда-Амангелді тас жолының бойында қала тұрғынының басқаруындағы «УАЗ» маркалы автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, автокөлікке тиелген заңсыз сексеуіл бұталары анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 340-бабы негізінде (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.        
Бұған қоса, табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері 17 ақпан күні түнгі сағат 02.00 шамасында Жаңадария ауылына қарасты Қазанбай елдімекенінде «Нива» маркалы автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, автокөліктің салонынан 2 аңшы мылтығы, 4 дана қоян, 1 дана прожектор алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Алдағы уақытта Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полициясы саласы құрылымдары құзырлы мемлекеттік басқа да органдармен бірлесіп облыс көлемінде экологиялық құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, ескерту, жолын кесу және анықтау жұмыстарын жалғастыратын болады.
 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
 
 
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз