Қызылордада электрондық коммерцияны дамыту жөнінде халықаралық интернет-форум өтеді

32

0

Қызылордада электрондық коммерцияны дамыту жөнінде халықаралық интернет-форум өтедіЕртең, 26 қазан күні сағ 11:00-де Қызылордада электрондық коммерцияны дамытуға арналған  бірінші халықаралық интернет-форум өтеді. Форум e-commerce саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен G-Global коммуникативтік алаңында өтеді.
Шараны Қызылорда облысының әкімдігі «Атамекен» ҰКП-мен  бірлесіп ұйымдастырып отыр. Ұйымдастырушылар  e-commerce элементтері арасындағы нақты өзара байланысты дамытуға ықпал етуді, сондай-ақ,  логистикалық тізбекті оңтайландыру, маркетингтік  технологияларды ілгерілету және  онлайн- сауда компанияларының табыстылығын арттыруды мақсат етіп отыр.   
Сонымен қатар, форумда электрондық коммерцияны дамыту арқылы отандық тауар өндірушілерге қолдау жасау, онлайн сауда жүргізудегі электрондық ақшаның  рөлі, көлеңкелі экономиканы азайту, т.б. мәселелер көтерілетін болады. Онлайн-көрсетілім G-Global коммуникативтік алаңында және Facebook  әлеуметтік желісінде жүргізіледі.
 
Өткізілетін күні: 26 қазан  (сәрсенбі) сағат 11.00
Өтетін орны: Қызылорда облысы әкімдігінің Ситуациялық Орталығы.
БАҚ өкілдерін аккредитациялау үшін байланыстар:
Ұялы байланыс: 87015600965, 87012270010
Электронды пошта: uvs.kzorda@gmail.com
Facebook бойынша қосылу үшін сілтеме: https://www.facebook.com/qyzylorda.press/
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз