Қызылордада ер адамды азаптаған 3 полицей сотталды

46

0

Қызылордада ер адамды азаптаған 3 полицей сотталдыҚызылорда қаласының №2 соты бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты
қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз
қызметінен.

Сотталушылар А.Шәмбілов, Е.Қожатаев пен Б.Шоқатаев
Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының криминалды полиция бөлімінің
жедел уәкілі қызметін атқара отырып, мемлекеттік қызмет атқаруға
уәкiлеттi лауазымды адамдар бола тұра, жәбірленуші Д.Достановқа
жасамаған ұрлық қылмысын мойындауға мәжбүрлеп, қасақана физикалық және
психикалық зардап шектіріп, оның заңмен қорғалатын құқықтары мен
мүдделерін елеулі түрде бұзған.

Сотқа дейінгі тергеп, тексеру
әрекеттерін жүргізгенде жәбірленуші Д.Достановтың қылмысқа қатыстылығы
дәлелденбегендіктен, қылмыстық қудалау тоқтатылған.

Қызылорда
қаласының №2 сотының үкімімен сотталушылар Қазақстан Республикасының
Қылмыстық Кодексінің 146-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша (қасақана
тән зардабын және (немесе) психикалық зардап шектiру) кінәлі деп
танылып, 3 жылға бас бостандықтарынан айыруға сотталды.

Олар
жазаларын түзеу колониясының жалпы режімінде өтейтін болды. Сондай-ақ
сотталушылар мемлекеттік, құқық қорғау органдарында қызмет атқару
құқықтарынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз