Қызылордада есірткінің заңсыз айналымымен күрестің нәтижелілігін арттыру бағытында полиция қызметкерлеріне автокөліктер берілді

73

0

Қызылорда облысы аумағында есірткінің заңсыз айналымына тосқауылды күшейту және нашақорлықтың алдын алу мақсатындағы бірнеше жобалар жүзеге асырылып, тиісті ұйымдастырушылық шаралар жасалуда.
Осындай шаралардың бірі ретінде 2017 жылғы 19 шілдеде Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының және Кинологиялық қызмет орталығының теңгеріміне есірткі қылмыстарын жедел түрде ашу, есірткінің заңсыз айналымымен күрестің нәтижелілігін одан әрі арттыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру мақсатында 5 автокөліктің кілті табысталды. САN-AM Commander 800 DPS жүріп өту мүмкіндігі күрделі аумақтарға арналған жоғары жылдамдықты автокөлігі, «Toyota HILUX» автокөлігі, қызметтік-іздестіру иттерін тасу үшін жарақтандырылған ГАЗ-27527 «Соболь» автокөлігі Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің қарамағындағы Әскери ынтымақтастық бөлімінің қолдауымен қайтарымсыз негізде алынған.
Бірнеше жылдар бойы есірткі бизнесіне қарсы күрес арнайы бөліністеріне Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшілігінің бөлімдерімен ынтымақтасу шеңберінде техникалық құрал-жабдықтар беріліп келеді.
Есірткі бизнесіне қарсы күресті тікелей жүзеге асырушы бөліністер мен кинологиялық қызметке соңғы 5 жылда жалпы сомасы 2 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.
Шараға Қызылорда облысына арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ерсейітов Ардақ Жайдақұлы және Қызылорда облысы әкімі аппаратының орынбасары Шотаев Серік Есіркепұлы, департамент басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті бастығының орынбасары А.Ж.Ерсейітов өз сөзінде аталған автокөліктер Есірткіге қарсы күрес бағдарламасы шеңберінде сатып алынғандығын және жету жағдайы күрделі аумақтарда жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде қолданылатындығын көрсетті.
Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ғани Төлебаев сөз алып, бүгін беріліп отырған техникалар есірткі құралдарына қатысты заң бұзушылықтарды анықтау, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру кезінде оң нәтижелерге қол жеткізетіндігін атап өтті.
Атап өтерлік жайт, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді анықтау, осындай деректерге қатысты келіп түскен хабарламаларға жедел түрде ден қойып, барлық құзырлы қызмет салаларымен осы бағыттағы жұмысты үйлестіру мақсатында 2017 жылы Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінде «Дельта-Сырдария» арнайы бөлімшесі құрылған болатын.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз