Қызылордада этнографиялық экспедиция шаралары басталады

48

0

Қызылордада этнографиялық экспедиция шаралары басталадыАлдағы екі күнде, яғни 30-31 қазанда Қызылорда облысында «Менің елім – Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» атты автомобиль этнографиялық экспедициясының шаралары өткізіледі. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Үстіміздегі жылдың 1 қазанында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Маңғыстау облысына сапары барысында «Менің елім – Мәңгілік Ел: Каспийден Алтайға дейін» атты автомобиль этнографиялық экспедициясы бастау алғаны белгілі.

Экспедицияның мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтарын ілгерілету болып табылады. Экспедицияның қазақстандықтарды, оның ішінде жастарды еліміздің көріктілігі мен бірегейлігі идеясының төңірегінде біріктіру, жалпыға ортақ татулық пен келісім құндылықтары негізінде қоғамдағы отаншылдық сезімін оятудада маңызы зор. Экспедицияның бағдары еліміздің барлық өңірлері арқылы өтеді.

Екі айға жуық уақыт бойы 5 отандық автокөлік Қазақстанның барлық өңірлерін аралайды. Экспедицияға қатысушылар облыс орталықтарында өңірдің туристік, білімдік және экономикалық ахуалын көрсететін фотокөрмелер мен таныстырылымдық шаралар өткізеді.

Жоба соңында экспедицияға қатысушылар сапардан алған әсерлері туралы фильм түсіріп, фотокітап шығарады. Еліміздің әр қаласының жастары «Тілек картасына» тілектерін жазып, қалдыра алады.

Экспедиция құрамында кәсіби жүргізушілер, медицина қызметкері, әкімші, этнограф, блоггер, журналистер, фотосуретшілер – барлығы 20 адам бар. Аталмыш экспедиция 2014 жылдың 30-31 қазанында Қызылорда қаласында болып, экспедиция бағдарламасына сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз