Қызылордада гандболдан әйелдер арасында ҚР чемпионатының бесінші айналымы өтеді

42

0

Қызылордада гандболдан әйелдер арасында ҚР чемпионатының бесінші айналымы өтедіҮстіміздегі жылдың 15-20 қараша аралығында Қызылорда қаласында
гандболдан әйелдер арасында (жоғарғы лига) Қазақстан Республикасы XXIII
чемпионатының бесінші айналымы басталады.

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ел чемпионатының соңғы айналымына Астана, Алматы
қалалары, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан,
Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 10 команда қатысады.

Жарысты ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт
министрлігі, ҚР Гандбол федерациясы, Қызылорда облысының дене шынықтыру
және спорт басқармасы.

Жарыс күн сайын сағат 10.00-де басталады. Өтетін орны: №2 облыстық резервтің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер мектебі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз