
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, жаңа инвестициялық жобаның маңыздылығын сөз етті. Елбасының бастамасымен «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы қабылданған болатын. Осы мақсатта облысымызда индустриалды-иновациялық жобаны іске асыру біз үшін өте маңызды. Сондықтан бүгінгі ашылған өндірістің аймағымыз үшін алар орны ерекше болмақ. Біріншіден, бұл инновациялық технология саналады. Екіншіден, «Жасыл экономиканың» жүзеге асуына өз үлесін тигізеді. Яғни, бұдан алынатын өнім әртүрлі мақсатта пайдаланылады.
Жер асты суару түтіктері инновациялық өнім болса, әрі мұның республика көлемінде баламасы жоқ. Құны 500 млн. теңгені құрайтын теңдесі жоқ бұл жобаның қуаттылығы жылына 270 тонна резеңке ұнтағын, 440 тонна белсендетілген резеңке ұнтағын және 3,9 млн. метр жер асты суару түтігін шығарады.
Мейрамгүл Дауылбайқызы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!