Қызылордада «ҚХА-20 игі іс» эстафетасының символы «Тайқазанды» Қарағанды облысына табыстау рәсімі өтті

77

0

Қызылордада «ҚХА-20 игі іс» эстафетасының символы «Тайқазанды» Қарағанды облысына табыстау рәсімі өттіАссамблея жылының ашылу салтанатында өз шеруін бастаған «Тайқазан» республикамыздың барлық өңірінде қайырымды істермен толығып, Қостанай облысынан Сыр өңіріне жеткізілді.

Қызылордалықтар «Тайқазанды» ыстық ықыласпен күтіп алды. Бұл туралы облыстық ассамблея хатшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Тайқазан – халқымыздың тоқшылығы мен береке-бірлігінің, молшылығы мен тату-тәтті тірлігінің жарқын белгісі. Бүгінгі күні Тайқазан Ассамблея жылында республикада өтіп жатқан қайырымды істердің қасиетті нышанына айналып отыр.

Әр өңірде атқарылған қайырымдылық шаралары, игілікті істердің барлығы осы Тайқазанға салынуда.

Бүгін, Сыр өңірінің береке мен бірліктің үлгісіндей бірігіп атқарған қайырымды істерімен көбейген Тайқазанды Қарағанды облысының делегациясы қабылдап алды.

Шараны облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы ашып, өңірімізде атқарылған қайырымды істер туралы айтып өтті және қайырымды істер жиынтығы салынған Киіз үйді Тайқазанға салды.

Қызылорда облысы бойынша «ҚХА – 20 игі іс» қайырымдылық эстафетасының аясында облыстың барлық аудандары мен елді мекендерінде аудан, қала әкімдіктері, облыстық басқармалар мен түрлі мемлекеттік мекемелер тарапынан 95 шара ұйымдастырылып, 13 409 адамға қайырымдылық жасалды, 8 000 адамға медициналық көмек берілді. Барлығы 46 млн. 177 мың 120 теңгенің көмегі көрсетілді.

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының басшысы Л. Төрешова Сыр елінің игі істерімен толыққан Тайқазан Қазақстан халқы Қарағанды облыстық ассамблеясы хатшылығының басшысы Г. Рымбекова бастаған делегацияға табыстады.

Көрермендерге концерттік бағдарлама ұсынылды.

Бірлік пен молшылықтың нышаны болған Тайқазан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы қарсаңында Астанаға жеткізілмек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз