Қызылордада ҚХА мүшелері «Достық керуенін» ұйымдастырды

68

0

Қызылордада ҚХА мүшелері «Достық керуенін» ұйымдастырдыҚызылорда облысында ҚХА мүшелері «Достық керуенін» ұйымдастырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қызылорда облысында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қолдауымен ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер «Достық керуенін» ұйымдастырып, барлық аудан орталықтары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап шықты.

Қызылордалықтар арасында Қазақстан халқыАссамблеясы туралы түсірілген деректі фильм үлкен сұранысқа ие. Сондай-ақ әр халықтың ән-күйлері, ұлттық билері осы кездесулердің көрігін қыздырды. Бұған қоса, этномәдени орталықтардың өкілдері Қызылорда тұрғындарымен ұлтаралық бірлік пен толеранттылықтың қазақстандық үлгісі жайында пікірлерімен бөлісіп, еліміздегі этностардың мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы әңгімеледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз