Қызылордада ҚХА жылына орай Достық үйі тарту етілмек

58

0

Қызылордада ҚХА жылына орай Достық үйі тарту етілмек«Қызылорда қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы кинотеатр «Достық үйі» етіп
қайта жаңғыртылмақ. Бұл туралы бүгін сәулет-қала құрылысы кеңесінде
айтылды.

Кинотеатр 1963 жылы салынған, екі бөліктен тұрады. Кіре беріс
жағы үш деңгейлі, техникалық бөлімдер мен қызмет көрсету мақсатында
пайдаланылған, екінші бөлігінде кинозал бар. Аталған ғимарат инженерлік
инфрақұрылыммен толықтай қамтамасыз етілген.

Эскиздік жобаға сәйкес кинотеатрды қайта жаңғыртып, оны Достық үйі
етіп жоспарлау көзделуде. Қайта жаңғырту жұмыстары бойынша бастапқы
сәулеттік және конструктивтік негіздер толықтай сақталады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына қажетті бөлмелер толыққанды
қарастырылатын болады. Ол үшін кинотеатрға жапсарлас қос қабатты ауданы
1300 шаршы метр қосымша ғимарат салу жоспарлануда. Ғимараттың кіреберіс
бөлігіне классикалық бағаналар орнатылады, ескі карниз бен қабырғалар
жаңа сәулеттік элементтермен безендіріледі.

Кеңес отырысында эскиздік жоба мақұлданды. Достық үйінің жанынан
автотұрақ және саябақ салуға ұсыныс жасалды. Ассамблеяның 20 жылдығына
орай, қайта жаңғырту жұмыстары ертерек қолға алынып, құжаттама жұмыстары
15 ақпанға дейін бекітілетін болды. Бұл ғимарат Қазақстан халықтары
Ассамблеясы жылына тарту болмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз