Қызылордада Илья Ильиннің туған күніне орай спортшы атындағы алаң ашылды

47

0

Қызылордада Илья Ильиннің туған күніне орай спортшы атындағы алаң ашылдыБүгін Қызылордада ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін
әлем чемпионы Илья Ильин атындағы спорт алаңы ашылды, деп хабарлады
облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Осыдан бірнеше жыл бұрын бұл
спорт алаң зілтеміршінің өз қаражаты есебінен салынды. Өткен жылы
бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде «Петро Қазақстан Құмкөл
Ресорсиз» АҚ-ның демеушілігімен 30 миллион теңге қаржы бөлініп, спорт
алаңы қайта жаңғыртудан өткізілді.

Спорт алаңының аумағы толық қоршалып, 121 қоқыс жәшігі, 64 орындық,
158 шам орнатылды. Шағын футбол, шахмат, балалар ойын алаңы мен тренажер
және стритбол алаңдары пайдалануға берілді.

– Облыста спортқа қызығушылық танытушылардың қатары күннен-күнге
артып келеді. Биыл Қызылорда қаласында бокс орталығы мен ипподром, Нағи
Ілиясов ауылында стадион мен спорт кешені, Қазалы, Жаңақорған
аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілетін
болады. Сондай-ақ қала орталығында Илья Ильин атындағы ауыр атлетикадан
спорт кешені және 3 мың орындық жабық футбол манежі бой көтереді. Мұның
барлығы бұқаралық спортты дамыту үшін жасалып жатқан жасампаз жұмыстар, –
деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Айта кетейік, шара Олимпиада чемпионының туған күніне жерлестерінің
атынан үлкен сый болды. Спортшыларға қолдаудың артып келе жатқанына
зілтемірші Илья Ильин ризашылығын білдірді.

Салтанатты шарадан соң әуесқойлар арасында шағын футболдан жазғы маусым лигасының ойындары өткізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз