Қызылордада «Интеллектуалды қиылыс» іске қосылды

38

0

 Қызылордада «Интеллектуалды қиылыс» іске қосылды Қызылорда қаласының екі ірі көше қиылыстарында «Интеллектуалды қиылыс» бағдарламасы іске қосылды.  Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қондырғы Қала орталығындағы автокөліктер көп жүретін Ғ.Мұратбаев көшесі мен Абай даңғылы, Бейбарыс көшесі мен Жібек жолы даңғылы қиылыстарында орнатылған. Оған жергілікті бюджеттен 33 млн. теңге бөлінген. 
  «Интелектуалды қиылыстың» ерекшелігі жол-көлік оқиғаларына тікелей септігін тигізетін өрескел құқық бұзушылықтарды анықтайды. Атап айтар болсақ: тоқтау сызығынан асып тоқтау. бағдаршамның тыйым салынатын сигналына өтіп кету секілді құқық бұзушылық жасаған жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің  463-8-бабының 1-бөлігімен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 9260 теңге айыппұл салынады. Сондай-ақ, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне жүрген көлік еиесіне ҚР ӘҚБтК-нің 463-6-бабының 1-бөлігімен 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 18520 теңге айыппұл салынады. Ал жол қозғалысы ережесімен тыйым салынған, жолдың қарсы бағыты үшін тағайындалған жолдың қарсы бағытына шыққан жүргізуші ӘҚБтК-нің 463-3-бабының 3-бөлігімен 15айлық есептік көрсеткіш, яғни 27780теңге айыппұл төлейді.
Қондырғы іске қосылғалы тәулігіне 300-400 жол ережесін бұзушылықты тіркелуде. Анықталған құқық бұзу фактісі бойынша ұйғарым «Қазпошта» АҚ-ның қызметі арқылы мекен-жайларға жолданып, танысқан күннен бастап 30 тәулік мерзімінде айыппұл төлену қажеттігі ескертіледі. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз