Қызылордада камералық оркестр ашылды

38

0

Қызылордада камералық оркестр ашылдыҚызылорда облыстық филармонияда камералық оркестр ашылды. Бұл туралы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен
брифинг барысында филармония директоры Талғат Мақашев мәлім етті.

Оның
айтуынша, Грузия елінің мемлекеттік филармониясымен әріптестік туралы
мемерандумға қол қойылып, соның аясында 2015-2020 жылдары арасында
концерттер мен шеберлік сабақтары өткізілмек.

Брифингке филармонияның режиссері Оңталап
Нұрмаханов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетова, «Томирис» би
ансамблінің жетекшісі Гүлбану Мырзабаева, дәстүрлі әнші, «Ерен еңбегі
үшін» төсбелгісінің иегері Шынберген Тілеуісовтер қатысып, өнер
ордасының 2015 жылда атқарылған жұмыстар барысы туралы айтып берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз