Қызылордада Кеңес одағының 20 батыры насихатталуда

55

0

Қызылордада Кеңес одағының 20 батыры насихатталуда9 мамыр қарсаңында Қызылорда қаласында Жеңіс күнін жақындатқан батырлар, атап айтқанда Сыр бойынан шыққан Кеңес Одағының батырлары насихатталуда.
Қаланың орталық Жібек жолы көшесінде батырлардың суреті мен аты-жөні жазылған насихаттық билбордтар орналастырылып, бүгінгі жас ұрпаққа таныстырылуда. Айта кету керек, жалпы Қызылорда облысынан 20 Кеңес Одағының батыры, 1 «Даңқ» орденінің толық кавалері шыққан. Қазір Қызылорда қаласы бойынша барлығы 54  Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Оның 19-ы ҰОС мүгедегі, 35-і ҰОС қатысушылары. Соғыс және еңбек ардагерлеріне әлеуметтік қолдаулар көрсетілуде. «Бұл мақсатқа  жергілікті бюджеттен бір жолғы көмек ретінде барлығы 185,0 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, Жеңіс мерекесі қарсаңында қаладағы «Тағзым алаңы» қайта жаңғыртудан өтті» деп хабарлайды қала әкімдігі баспасөз қызметі.   
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз