Қызылордада кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты басталды

38

0

Қызылордада кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты басталдыБүгін, 28 мамыр күні Қызылорда қаласы, «Евразия» спорт кешенінде
кикбоксингтен жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатының ашылу салтанаты
өтті.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бәсекеге Астана, Алматы
қалалары мен барлық облыс орталықтарынан 2001-2002 және 2003-2004
жылдары туылған 300-дей спортшы фулл-контакт жүйесі бойынша сынға
түсуде. Оның ішінде 30 кикбоксшы Қызылорда облысының намысын қорғауда.

Жарыстың салтанатты ашылуында облыстық дене
шынықтыру және спорт басқармасыныңбасшысы Садық Мұстафаев спортшыларға
сәттілік тіледі. Сондай-ақ, басқарма басшысы спорт ардагері Төлеген
Анасбаевқа ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен
спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыстады.

Жарыстың бас төрешісі Сұлтан Қуандықовтың айтуынша,
ел чемпионатында бірінші және екінші орындарды иеленген спортшылар
ұлттық құрама команда сапына алынады. Аталмыш жарыс 2016 жылы болатын
Әлем чемпионатына спортшыларды іріктеу сыны болып табылады.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегелерінің есімдері 31 мамыр күні белгілі болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз