Қызылордада көлік қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті

53

0

Қызылордада көлік қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өттіБүгін А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтнатты жиын өтті. 
Шараға
облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен Еуропалық қайта құру және даму
банкінің Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкман, сала ардагерлері
қатысты. 
Аймақ басшысы көлік қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

Көлік саласы – қашан да экономиканы алға жылжытушы күш, әрі
экономиканың бірден-бір діңгегі десек, бүгінгі мерекені Сыр еліндегі
көлік саласының мамандары толымды жетістіктермен қарсы алып отыр.
Қызылорда облысының аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс
орталығымен жалғайтын 215 тұрақты автобус қатынасы ұйымдастырылған.
Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға
2013-2015 жылдар аралығында, бюджеттен 29 млрд. теңге бөлініп, жалпы 742
шақырым автомобиль жолдары мен елді мекен көшелері жөндеуден өткізілді,
– деді аймақ басшысы. 
«Қазақстан
темір жолы» ҰК» АҚ бойынша Қызылорда жол бөлімшесі 2015 жылдың
қорытындысымен 2-ші орынды иеленсе, биылғы жылдың  6 айы бойынша 1-ші
орынға шықты. 
Сондай-ақ, «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолының Сексеуіл-Қоскөл темір жол учаскесі іске қосылды. 
Облыс
орталығынан 3 жұп «Қызылорда-Көкшетау», «Қызылорда-Астана» және
«Қызылорда-Алматы-Семей» пойыздары ұйымдастырылған. Сонымен қатар,
«Қызылорда – Жезқазған» пойызы Арал өңірінің темір жол бойында
орналасқан елді мекендерін аудан және облыс орталықтарымен байланыстырып
 отыр. 
Әуежай
терминалының құрылысын мемлекеттік жеке әріптестік негізінде іске асыру
жоспарлануда. Бюджеттен тыс қаржы есебінен «Қызылорда қаласы әуежайының
жаңа терминал құрылысы» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі
әзірленді.  
Аталған
жобаға қатысуға Қытай, Біріккен Араб Әмірлігінің компаниялары және
Еуропалық қайта құру және даму банкі қызығушылық білдірді. 
Бүгінгі
мерекелік жиында сала қызметкерлері «Құрметті автокөлікші», «Үздік
автокөлікші», «Құрметті жолшы» төсбелгілерімен, облыс әкімінің «Алғыс
хатымен» және ҚР Инвестициялық Даму Министрлігінің «Құрмет
грамотасымен», «Алғыс хатымен» марапатталды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз