Қызылордада Конституция күніне арналған бұқаралық велошеру өтті

34

0

Қызылордада Конституция күніне арналған бұқаралық велошеру өттіОблыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы
Конституция күні мерекесіне орай Қызылордада бұқаралық велошеру
ұйымдастырды. Оған спорт саласының мекемелері, спорт мектебі және
әуесқой 100-ден астам велосипедші қатысты.
    
Шараның мақсаты – Елбасының Жолдауын
насихаттау, жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу, бұқара
арасында спортты дамыту, жастарды саламатты өмір салтына тәрбиелеу.     
    Ұзақтығы он бір шақырымдай болатын велошеру таңғы 10.00-де Тұңғыш
Президент саябағынан басталып, Жібек жолы көшесімен Абай даңғылы арқылы
өтіп, студенттер сарайында аяқталды
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз