Қызылордада көпірдің құрылысы басталды

51

0

Қызылордада көпірдің құрылысы басталдыКеше, 6 маусымда Сырдария өзені арқылы өтетін көпірдің іргетасын қаланды. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және ел ақсақалдары қатысты. Бұл көпір сол жағалауды дамытудың алғы шарты. Нысанның құрылысы аяқталысымен, өзеннің қарсы бетінде жаңа зәулім ғимараттар бой көтеретін болады.
Бас жоспарға сәйкес, 2300 гектар аумақта әлеуметтік-әкімшілік, өндірістік, мәдени, орта және шағын бизнес, тұрғын үй нысандары салынып, 90 мың халық қоныстанады деп жоспарлануда. 
– Бұл жәй көпір емес, жаңа қаланың бой түзеуі. Біз Астанаға қарап, қаланың сәулетті келбетін келтіреміз. Бас шаһарды жастардың қаласына айналдырамыз. Мына көпір соның бастамасы болмақ. Көпір құрылысы аяқталысымен зәулім ғимараттың іргетасы қаланады. Яғни, 90 мың халық қоныстанатын, шығыс стилінде жаңа қала салынады, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жерге геологиялық тексеру жүргізілген. Мамандар, алыстан меңмұндалайтын ғимараттар салуға мүмкіндік барын айтып отыр. 6 миллиард теңгеге жуық қаржыға салынатын көпірдің құрылысын «Мостоотряд 25» ЖШС жүргізеді. Көпірдің құрылысы келер жылдың соңына дейін аяқталады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз