Қызылордада көркем гимнастикадан чемпионат өтеді

58

0

Қызылордада көркем гимнастикадан чемпионат өтеді

Үстіміздегі жылдың 1-2 наурыз
күндері Қызылорда қаласында көркем 
гимнастикадан «Сыр жұлдыздары» атты облыстық ашық чемпионат басталады. Оған
Астана, Алматы, Байқоңыр қалалары мен Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды,
Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 13 команда 250-ге жуық 2000-2008
жылдары туылған гимнастшы қыздар өнер көрсетеді. Облыс орталығында қатарынан
екінші жылы жалауын көтерген байрақты дода жекелей және топтық жаттығу бойынша
өтеді.

Жарыстың мақсаты – облыста көркем
гимнастиканы дамыту, жас гимнастшылардың спорттық шеберлігін шыңдау, достық
қарым-қатынасты нығайту және тәжірибе алмасу.
Аталмыш чемпионат биылдан бастап
республикалық күнтізбелік жоспарға енгізіліп, облыстық ашық чемпионат болып ұйымдастырылуда.
Чемпионатта 1,2 орынды иеленген
спортшылар спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындайды.
Жарыстың басталуы 1 наурыз күні
сағат 09.00-де, салтанатты ашылуы сағат 13.00-де «Мұз айдыны» спорт кешенінің
көркем гимнастика залында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз